Site Loader

Бүгін, 24 қыркүйек күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй мәселесі бойынша өтінішіне байланысты ұсыныстар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Павлодар облысы әкімінің орынбасары – Кұрманова Айзада Амангелдіқызы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты – Капенов Қабылқақ-ҚабдылМанапұлы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары-Кенжалинов Арыстан Төлеухадысұлы қатысты.

Бұл кездесудің модераторы «Ертіс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Исабеков Р. А. болды.

Дөңгелек үстел жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне арналды.

Түрлі тақырыптар қаралып, олардың қорытындысы бойынша Хаттамаға келесі ұсыныстар енгізілді:

1. Қаржы басқармасы қалалар мен аудандардың қаржы бөлімдерімен бірлесіп бос тұрған үйлерге, пәтерлерге, бөлмелерге тексеру жүргізсін;

2. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ERG-мен 2021 жылы жетім балаларға тұрғын үй салу мәселесін пысықтау;

3. Жобалық кеңсеге қоғамдық бақылауды күшейту, кезектілікті ілгерілету рәсімінің ашықтығын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2021 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалдау ақысын субсидиялауды қарастырсын;

5. Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсету үшін Нұр-Отан партиясына тізімді қалыптастырсын және жіберсін;

6. Павлодар қаласының әкімдігі 2021 жылы Бюджеттік өтінімді жіберу кезінде “Достық” шағын ауданында әлеуметтік тұрғын үй салуды көздесін;

7. Павлодар облысының мәслихатына ҚР Үкіметіне қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу және бастапқы жарна ретінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын беру жөніндегі ұсыныстармен хат жіберілсін;

8. Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларына, Павлодар қаласының әкімдігіне және кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып, біздің өңірде жобаны іске асыру үшін  Ақтөбе мен ШҚО тәжірибесін зерделесін;

9. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдіктері жұмыссыз жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, одан әрі жұмысқа орналастыру жұмысын жүргізсін.

Сегодня, 24 сентября в Центре развития молодежных инициатив,  был проведен круглый стол на тему: «Выработка предложений в связи с обращением по жилищному вопросу детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей».

В круглом столе приняли участие, Заместитель акима Павлодарской области-Курманова Айзада Амангельдиновна, депутат Павлодарского областного маслихата-Капенов Кабылкак-Кабдыл Манапович, заместитель акима города Павлодар-Кенжалинов Арыстан Толеухадысович.

Модератором данной встречи был Руководитель проектного офиса «Ертіс-адалдық алаңы» – Исабеков Р.А.

Круглый стол был посвящен вопросам выработки предложений для решения жилищных вопросов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

Были рассмотрены различные темы,по итогам которых в протокол были внесены следующие предложения:

 1. Управлению финансов совместно с отделами финансов городов и районов провести ревизию пустующих домов, квартир, комнат;

 2. Управлению экономики и бюджетного планирования области в рамках Меморандума о взаимном сотрудничестве в реализации социально значимых проектов проработать с ERG вопрос строительства жилья детям-сиротам в 2021 году;

 3. Проектному офису выработать предложения по усилению общественного контроля, повышения прозрачности процедуры продвижения очередности;

 4. Жилстройсбербанку в 2021 году предусмотреть субсидирование арендной платы детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

 5. Отделу занятости и социальных программ г.Павлодар сформировать и направить список в партию Нур-Отан для оказании материальной помощи в размере 50 тысяч тенге;

 6. Акимату города Павлодар в 2021 году предусмотреть строительство социального жилья в микрорайоне «Достык» при направлении бюджетной заявки;

 7. Маслихату Павлодарской области направить в Правительство РК письмо с предложениями по приобретению жилья на вторничном рынке и предоставления права на получение жилищных сертификатов детям-сиротами и детям, оставшимся без попечения родителей в качестве первоначального взноса;

 8. Управлениям экономики и бюджетного планирования, финансов области, акимату г.Павлодар и Палате предпринимателей изучить опыт Актюбинской и ВКО для реализации проекта в нашем регионе, в том числе с применением механизмов государственно-частного партнёрства;

 9. Управлению координации занятости и социальных программ, акиматам городов и районов провести работу по выявлению безработных детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей с дальнейшим трудоустройством.

Post Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *